АЛМАТЫ, 4 ақпан - Sputnik. Ақмола облысы Қосшы қаласының 33 тұрғынын алдаған әйел 6 жылға сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Ол Қытайдан арзан тауарлар жеткізіп беремін деп тұрғындардан 67 млн теңге жинаған.
"2023 жылдың қыркүйегінде азаматша көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында, WhatsApp мессенджерінде топтар құрып, тауарларды төмен нарықтық бағамен жарнамалаған. Қаражатты алғаннан кейін ол өз міндеттерін орындамай, алған ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған", - дейді ведомство.
Косшы қалалық сотының үкімімен әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды.