Маңғыстау облысында балабақшада бүлдіршіндер жаппай уланып қалды

Қазір балабақша жабық
Sputnik
АЛМАТЫ, 3 ақпан - Sputnik. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Қызылсай ауылындағы балабақшада балалар жаппай уланып қалды. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі білді.
Оқиға 31 қаңтарда болған.
"Сағат 20:13-те Жаңаөзен қаласының "Қызылсай" ауылынан жедел жәрдем қызметіне іштің ауыраытынын айтып шағымданған тұрғындардан шақырту түскен. Қаралған 37 адамның 4-еуі ауруханаға жатқызылды, оның біреуі – ересек адам, үшеуі – бала", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Қалғандары үйге амбулаториялық емделуге жіберілген. Қазір балабақша жабық, уәкілетті органдар тексеру жүргізуде.
Маңғыстауда 58 оқушы астан уланды