АСТАНА, 3 ақпан – Sputnik. Финляндия Украинада жараланған жалдамалы әскер қатарында жүрген азаматтарына эвакуациялауға да, емдеуге де көмектеспейді, деп мәлім етті Финляндия СІМ. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Егер ерікті ұрыста жарақат алса, медициналық көмек көрсету Украина Қарулы күштері мойынында. Мысалы, Финляндияға медициналық эвакуация жүзеге асырылмайды және емдеу толығымен Украина аумағында жүзеге асырылады. Украинаның әуе кеңістігі азаматтық рейстер үшін жабық болғандықтан, елден медициналық эвакуация рейсін ұйымдастыру тіпті өз есебінен де мүмкін емес", - делінген ведомство жариялаған Украина Қарулы күштерінің қатарын толықтыруға шешім қабылдаған азаматтарға арналған нұсқаулықтарда.
Фин билігі Украинадағы қақтығысқа қатысатын жалдамалыларды "Еріктілер" деп атайды.
Ведомство егер Финляндия азаматы елге өз бетінше емделуге оралса, оған медициналық көмек көрсетуде ешқандай жеңілдік жасалмайтынын нақтылады.
"Егер жараланған ерікті Финляндияға өз бетінше орала алса, оның күтім қажеттіліктерін мемлекеттік денсаулық сақтау органдары Финляндия тұрғындарының қажеттіліктері сияқты бағалайды. Ұрыста жарақат алған адамдар үшін арнайы ережелер қарастырылмаған", - делінген хабарламада.
Айта кетері, бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі Киевтің шетелдік жалдамалы әскерді қолданатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, Батыстың кейбір елдері Украинаға кадрлық әскерилерін жіберіп отырады. Бірақ олар жалдамалы сарбаз болып соғысады.