Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Дональд Трамп Ресей және Украинамен кездесулер жоспарын жариялады

Дональд Трамп
АҚШ президенті "келіссөздер өте жақсы жүріп жатыр" деді
Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей және Украинамен кездесулер мен келіссөздер өткізу жоспарын жариялады, деп хабарлады РИА Новости.
"Демалыс күндеріміз өте тығыз болды. Біз Израильмен, Украинамен және Ресеймен айналыстық. Бізде әртүрлі тараппен, соның ішінде Ресей және Украинамен кездесулер мен әңгімелер жоспарланып отыр", - деді Трамп Ақ үйге барар жолда Эндрюс әскери базасында журналистерге.
Бұл сұхбат америкалық телеарналарда көрсетілді.
Трамп "келіссөздер өте жақсы жүріп жатыр" деді.
Бұған дейін Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Украина бойынша келіссөздер жарты жылдан аз уақыт ішінде өтуі мүмкін деп үміттенетінін айтқан. Сонымен қатар, президент сайлауы науұанында Трамп украиналық қақтығысты келіссөздер арқылы реттеуге қол жеткізетініне уәде беріп, Украинадағы қақтығысты бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген. Ресей Федерациясында бұл бір күнде шешілетін жеңіл мәселе емес деп санайды.