Дәурен Абаев Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрімен кездесті

Мәскеуде Лавровтың Ресейде аккредиттеуден өткен ТМД-ға мүше елдердің елшілерімен дәстүрлі кездесуі өтті
Sputnik
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ресейде аккредиттеуден өткен елшілердің дәстүрлі кездесуі өтті, деп хабарлады РФ СІМ баспасөз қызметі.
Оған Достастықтың Бас хатшысы Сергей Лебедев те қатысты.
"Іс-шара барысында Ресей төрағалығымен ТМД форматындағы 2024 жылғы ынтымақтастықтың қорытындылары шығарылды. Сыртқы саяси үйлестіруді одан әрі нығайтуға, сауда-экономикалық және мәдени - гуманитарлық салаларда, сондай-ақ қауіпсіздік саласында өзара іс-қимылды арттыруға баса назар аудара отырып, келешекке арналған негізгі міндеттер белгіленді", - делінген хабарламада.
Кездесуге қатысушылар өзекті жаһандық және өңірлік тақырыптар бойынша, оның ішінде Владимир Путиннің Еуразияда тең және бөлінбейтін қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын қалыптастыру туралы бастамасын іске асыру аясында пікір алмасты.
Қазақстан мен Ресей арасында стратегиялық әріптестік бар – Абаев