АЛМАТЫ, 3 ақпан - Sputnik. Алматы облысында құны 20 млрд теңгенің 8 су қоймасы мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Алматы облысының табиғат қорғау прокуратурасы 8 су қоймасын мемлекетке қайтарды.
Ведомствоның айтуынша, жауаптылар су қоймасының техникалық жай-күйіне қарамаған.
"Олар шарттық міндеттемелерді елемеген, атап айтқанда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына тексеру жүргізбеген", - дейді ведомство.
Прокуратураның айтуынша, қараусыз қалған қоймалар орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін еді.
"Жосықсыз басқарушылармен 8 шарт бұзылып, 20 млрд теңгеден астам соманың мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды", - дейді прокуратура.
Қазіргі уақытта уәкілетті органдар су объектілерін тексеріп жатыр.