АСТАНА, 2 ақпан - Sputnik. Германия канцлеріне "Германия үшін балама" партиясынан кандидат Алиса Вайдель АҚШ пен Ресейдің Украинадағы қақтығысты тоқтату мүмкіндігіне үміт артатынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.
"Трамп сайлауалды науқаны кезінде бейбітшілікті жақтаған жалғыз кандидат болды. Өз басым АҚШ Ресеймен бірге осы сұмдық соғысты мүмкіндігінше тезірек тоқтата алады деп үміттенемін. Өйткені Еуропа, өкінішке қарай, Германия да енді бұған қол жеткізе алмайды", - деді Вайдель Ной-Изенбург қаласында өткен үгіт-насихат шарасында.
Вайдельдің айтуынша, ел билігінде қазір мәселенің қаншалықұты ауқымды екенін түсінбейтін адамдар отыр.
"Германияның міндеті әуел бастан бейбітшілікті белсенді түрде қолдау, Владимир Зеленский және РФ президенті Владимир Путинмен келіссөздер жүргізу болатын", - деді саясаткер.
Вайдель Германия мен АҚШ-тың қауіпсіздік саласында әртүрлі мүдделері бар екенін және Берлин мұны көрсетуі керек екенін айтты.