АЛМАТЫ, 31 қаңтар - Sputnik. Алматыда "Digital Almaty - 2025" халықаралық цифрлық форумы өтіп жатыр. Халықаралық форумы осымен 7-ші рет өтуде. Форумға цифрлық технологиядан көшбасшы болған 200-ден астам спикер қатысып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Цифровой форум Digital Almaty 2025
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Біз осы тәжірибені пайдалануымыз керек. Жасанды интеллект тек технолологияда ғана емес, тұрмыста да қолданылуы керек. Мектептерде осыны дамыту қажет. 5 жылда 1 млн адам жасанды интеллектіні меңгереді", - деді Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов.
Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң жобасы қабылданды. Халықаралық форумда отандық мамандардың жасанды интеллектінің көмегімен жасалған бейнебаяны көрсетілді.