АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Екі облыста – Ұлытау мен Қостанайда – кеше ғана көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген тас жолдар ашылды.
"2025 жылдың 30 қаңтарында сағат 07:00-де Ұлытау ауданында "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" тас жолының 37-252 шақырымында (Сәтбаев қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы ашылды", - деп хабарлады компаниядағылар.
Қостанай облысында да көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық. 2025 жылдың 30 қаңтарында сағат 07:00-де Қостанай қаласында "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 252-339 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін) учаскесінде көлік қозғалысы ашылды.