Ресей премьер-министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин жұмыс сапарымен Астанаға келді. Қазақстан басшылығымен келіссөздер жүргізеді. Толығырақ - тікелей эфирде.
Sputnik
Хабарланғандай, ресейлік-қазақстандық келіссөздер барысында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Бұл ретте энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда бірлескен жобаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Мишустинді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды.
Одан кейін Ресей үкіметінің басшысы Алматыға барып, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады.
Астанада Олжас Бектеновтің Ресей үкімет басшысымен келіссөздері басталды