АСТАНА, 30 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы екі музейге "ұлттық" мәртебесін беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Олар: "Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі" және "Мемлекеттік орталық музей"
"Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстанның мемлекеттік өнер музейі" және "Қазақстанның мемлекеттік орталық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына "Ұлттық" мәртебесі берәлсін", - делінген Тоқаев жарлығында.