АЛМАТЫ, 30 қаңтар - Sputnik. Ақмола облысы Бұланды ауданында "Макинск Жылу" кәсіпорны мемлекеттік сатып алу туралы заңды өрескел бұзған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Бұланды ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша "Макинск Жылу" кәсіпорнының қызметіне тексеру жүргізген.
"Тексеру барысында кәсіпорынның 2023-2024 жылдар бойы жүйелі түрде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей, шарттарды заңсыз жасағаны анықталды. Атап айтқанда, қазандықтарды тексеруге, мұнай өнімдері мен кеңсе жиһаздарын сатып алуға, сондай-ақ арнайы техниканы жалға алуға жалпы сомасы 9,2 млн теңгеге 7 шарт анықталды", - дейді ведомство.
Кәсіпорын басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,2 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.