Алматы әуежайында рейстер тағы кешігіп жатыр

Рейстер ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Алматы әуежайынан ұшатын рейстер кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Air Astana" әуекомпаниясы да Алматы қаласынан ұшатын рейстердің ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігіп жатқанын мәлімдеді. Осыған байланысты жолаушыларға әуежайға шықпас бұрын рейс компания сайтынан тексеріп алуға кеңес берілді.
Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлағандай, ауа райының нашарлауына байланысты әуе айлағының өндірістік қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Кешігулерді барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Айта кетері, тура сондай жағдай 22 қаңтарда болған. Сол кезде әуежайдың өндірістік қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Ұшақтарға мұздануға қарсы өңдеу қызметтерін көрсетуге уақытша шектеулер де енгізілген болатын.
Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр