Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруді тапсырды

Президентке қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді
Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.
Министр мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндады.
Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.
Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.