Ресей Қазақстанда үш ЖЭО салады: жобалар қазір қандай кезеңде

Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Энергетика министрі Сәтқалиев үш жылу-энергитка орталығының құрылысы жобаласының қазіргі кезеңі туралы айтты.
Қазір жобалық құжаттама және ТЭН (техникалық-экономикалық негіздеме) әзірленуде, деп түсіндірді министр. Сәтқалиевтің айтуынша, "Самұрық-Энерго" Өскемен мен Семей бойынша ТЭН биылғы жылдың наурыз айында болады деген.
"Компаниялар жобалауды бастағаннан кейін, қаржыландыру ашылғаннан кейін біз жабдыққа бірден тапсырыс беруді жоспарлап отырмыз. Интер РАО жабдықтың уақтылы өндірілетініне тиісті кепілдіктер берді. Алдын ала төлеу мәселесі күрделі болып тұр, бірақ біз бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз", - деді Сәтқалиев.
Ресейдің Қазақстанда үш ЖЭО құрылысын салатыны туралы 2023 жылы белгілі болды. Нәтижесінде Көкшетау, Семей және Өскеменде жаңа нысандар пайда болады. Жылу-энергетика орталықтарының болжамды қуаты: Көкшетауда - 248 МВт; Семейде - 360 МВт; Өскеменде - 360 МВт. Жаңа жобалардың маңыздылығы туралы Тоқаевтың мақаласы жарияланған болатын.
Ол Ресеймен бірлесіп қолға алған аса маңызды жобалардың қатарында үш жылу-энергитка орталығы, Екібастұз ГРЭС-ін жаңғырту, сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірлерін газдандыру, оңтүстік және шығыс бағыттағы Ресей энергоресурстары транзитінің көлемін ұлғайту сияқты ауқымды бастамалар барын айтты.
Қазақстан Ресеймен су электр станциясын салу жөнінде келіссөз жүргізуде – Сәтқалиев