АСТАНА, 29 қаңтар - Sputnik. Германия Украинаға әскери контингент жібере алмайды, бұл заңды процедуралар мен саяси жағдайларға байланысты іс жүзінде мүмкін емес. Бұл туралы оппозициялық ХДО/ХСО фракциясы төрағасының орынбасары Йохан Вадефуль мәлім етті, деп хабарлайды Риа Новости.
"Менің ойымша, Германия үшін, сондай-ақ Еуропаның өзге де елдері үшін Украинада неміс әскери контингенті болуы мүмкін емес. Германия конституциясына сәйкес, бұл – өте күрделі процедура. Заң бойынша біз мұны іс жүзінде жасай алмаймыз. Саяси тұрғыдан да солай", - деді Вадефуль пранкер Вованмен (Владимир Кузнецовпен) және Лексуспен (Алексей Столяровпен) сөйлескенде.
Бейнежазба Вован мен Лексустың Telegram арнасында жарияланды. Әңгіме Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың атынан жүргізілді.
Вадефуль Германия Украинаны қаржылық жағынан көмектесіп, қару-жарақпен қамтамасыз ете алады деп түсіндірді.