Жеңістің 80 жылдығы

Елордада ұландықтар "Жеңіске 100 күн қалғанда" акциясын бастады

Олар қоғамдық көліктерде Жеңіс әндерін орындады
Sputnik
АСТАНА, 29 қаңтар – Sputnik. Ұландықтар "Жеңіске 100 күн қалғанда" акциясын бастап, елорданың қоғамдық көліктерінде Жеңіс әндерін орындады.
Ұлттық ұлан ансамблінің ерлер хоры солистері қалалық автобусты концерт алаңына айналдырды. Олар соғыс жылдарындағы әндерді қоғамдық көлік жолаушыларымен бірге орындап, "Жеңіске 100 күн қалғанда" республикалық акциясын бастады.
Ұлттық ұлан ансамблі ерлер хорының тікелей сүйемелдеуімен жолаушылар да санадан өшпес "Смуглянка", "На солнечной поляночке" әндерін қосыла орындады. Құқықтық тәртіп әскері осылайша "Жеңіске 100 күн қалғанда" республикалық акциясын бастады.
Акцияның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың жадына Жеңіс пен соғыс тарихының маңыздылығын жеткізу.