Түркістан облысында тұрғын үйде газ жарылып, 6 адамды күйік шалды

Оның 5-еуі – бала
Sputnik
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында газ баллоны жарылып, тұрғын үй толығымен қираған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 27 қаңтарда сағат 20:40 та Созақ ауданы Аққолтық ауылында болған.
"Жеке тұрғын үйде тұрмыстық газ балонынан газ-ауа қоспасының жарылып, 180 шаршы метр аумақтағы тұрғын үй толығымен қираған", - деп хабарлады тілшімізге облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін көршілері үйінді астынан термиялық күйік шалған 6 адамды алып шығып ауруханаға жеткізген. Оның 5-еуі – бала.
Жарылыс салдары анықталып жатыр.
"Сағат 21:40 та қираған үйіндіні ашу жұмыстары барысында 20 шаршы метр қираған төбе жаппасының жанған. Өрт сағат 21:55-те оқшауланып, сағат 23:12-де толық сөндірілген", - деп хабарлады ТЖД.