Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға 22 миллиард теңге бөлінеді

Astana polytechnic college студенттері жұмыс барысында
Білім беру тапсырысын оқу орындарының рейтингіне қарай бөлу жұмысы үкіметтің бақылауында болуға тиіс
Sputnik
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті елімізде биыл Жұмысшы мамандықтар жылына орай техникалық және кәсіптік білім беруге назар аударуды тапсырды.
"Биыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған орай, маңызды іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылмақ. Еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіледі. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту ісін бастау керек", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы жауапты мекеменің бәрі және ең бастысы, жеке сектор бұл іске белсене араласуға тиіс екенін айтты.
"Бизнес бұл салаға көбірек келуі үшін техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі артады. Оның мөлшері де біркелкі болады. Бұған биыл бюджеттен қосымша 22 миллиард теңге бөлінеді. Бұл ретте әкімдерге зор жауапкершілік жүктеледі. Олар кәсіпкерлермен бірлесіп, аймаққа қажетті мамандықтар тізімін анықтауы керек. Сондай-ақ сұранысқа ие кадрлар даярлау үшін колледждерге бағыт-бағдар беруі қажет", - деді президент.
Тоқаев ғылым және жоғары білім саласындағы реформалардың қарқыны мен сапасын сақтау маңызды екенін айтып, білім беру тапсырысын оқу орындарының рейтингіне қарай бөлу жұмысы үкіметтің бақылауында болуға тиіс екенін еске салды.
"Соңғы жылдары мемлекет ғылымға бөлінетін қаражат көлемін едәуір арттырды. Әлі де арттыра береді. Бірақ бұл қаржы нақты мақсатқа сай жұмсалуы қажет. Бюджет қаржысын сапалы әрі сұранысқа ие зерттеулер жүргізетін университеттер, институттар мен ғалымдар ғана алуы керек", - деді мемлекет басшысы.
Деньги, калькулятор. Иллюстративное фото
"Қателесуге болмайды": Тоқаев салық реформасын қолдады