Қарағандыда туристерге арналған ақпараттық орталық ашылады

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Қарағанды облысында туризмді дамыту үшін кәсіпкерлік басқармасының жанынан Visit QARAGANDA туристік ақпараттық орталығы құрылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Мұнда өңірдің табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлері, сондай-ақ жергілікті операторлар ұсынатын турмаршруттар мен қызметтер туралы мәліметтер алуға болады. Демалушылар қайда тұру, не көруге болады, қайда бару керектігі туралы ақпараттар ала алады", - делінген хабарламада.
Туристерге саяхат үшін аймақтың тартымдылығын көрсету, жаңа маршруттарды ашу, туристік орындардың карталары-диаграммаларын әзірлеу және жасау жоспарлануда. Туристік ақпараттық орталық туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға көмектеседі.
Сондай-ақ сервисті жақсартуға және жаңа туристік аумақтарды дамытудың кешенді туристік өнімдерін, бағдарламалары мен тұжырымдамаларын жасайды.
Тоқаев туризм туралы: Жұмыс мардымсыз жүріп жатыр