Назарбаев Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Олар жақын арада кездесуге келісті
Sputnik
АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь көшбасшысы Александр Лукашенконы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Беларусь басшысының баспасөз қызметі.

"Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтап, ол барша Беларусь халқына өзінің шынайы құттықтауы мен сәлемін жеткізді. Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевқа ыстық ықыласы мен жылы лебізі үшін алғысын білдірді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Назарбаев пен Лукашенко жақын арада кездесіп сөйлесуге мүмкіндік табатынына келісті.
Бұған дейін Дүниежүзілік көшбасшылар мен ҰҚШҰ елдерінің басшылары Беларусь президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтаған болатын. Путин мен Тоқаев Лукашенконы алғашқылардың бірі болып құттықтады.
ҰҚШҰ Бас хатшысы Александр Лукашенконы Беларусь президенті болып сайлануымен құттықтады