АЛМАТЫ, 28 қаңтар - Sputnik. Ленинградтың фашистік блокададан толық азат етілгеніне 81 жыл толуына орай Россотрудничествоның, Ресейдің Қазақстандағы елшілігінің және қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері Астанада тұратын ардагерлермен кездесті, деп хабарлады елшілік.
Орыс үйінің дипломаттары мен қызметкерлері Вера Михайловна Шумакова мен Гелдира Валиахметқызы Валееваны есте қаларлық датамен құттықтап, сыйлықтар табыстап, зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Сондай-ақ қоршаудан аман қалғандарға Санкт-Петербург губернаторы Александр Бегловтың құттықтау хаттары жолданды.
27 қаңтарда Ленинградтың 900 күндік блокададан толық азат етілгенінің мерейтойы тойланады.