АСТАНА, 28 қаңтар – Sputnik. Астанадағы LRT қыркүйекте іске қосылады, деп хабарлайды.
Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
"LRT жобасы аяқталуға аз қалды. Жазда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Алғашқы пойыздар қыркүйекте келеді, содан кейін белсенді түрде тестілеу басталады", - деді Қасымбек.