Жақын арада АЭС бойынша келісімдерге қол қойылады – Бектенов

Үкімет тағы екі АЭС қай жерде салынатынын таңдап жатырҮкімет тағы екі АЭС қай жерде салынатынын таңдап жатыр
Sputnik
АСТАНА, 28 қаңтар - Sputnik. Жақын арада Алматы облысында бірінші АЭС салу жөнінде қажетті келісімдер жасалмақ. Бұл туралы премьер-министр Бектенов Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

"Жақын арада Алматы облысында бірінші АЭС салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ екінші АЭС құрылысының ықтимал орнын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын", - деді Бектенов.

Ол сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш жылу электр орталығын салу жобаларын іске асыру басталғанын айтты.
"Олар 2032 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады. Биыл 160 Мегаватт бу және гидрогенерации, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері бойынша 10 нысанда 450 МВт қуат пайдалануға беріледі. Жел энергиясы станцияларының негізгі компоненттерін шығаратын зауыт құрылысы басталды. Батыс Қазақстанның электр желілерін бірыңғай энергия жүйелеріне қосу бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде", - деп атап өтті премьер.