Қазақстанда АҚШ пен Германиядан құс өнімдерін әкелуге шектеу салынды

Sputnik
АСТАНА, 27 қаңтар — Sputnik. Биыл 20 қаңтарда Қазақстанның ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті АҚШ-тың Делавэр және Оңтүстік Каролина Штаттарынан және Германияның Баден-Вюртемберг жерінен құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге және транзитке уақытша шектеулер енгізді.
Шектеулер осы аумақтарда құс тұмауының таралуына байланысты. Шектеу алынғанға дейін әкелуге тыйым салынатын өнімдер:
тірі құс және инкубациялық жұмыртқа;
мамық пен қауырсын;
термиялық өңдеуден өтпеген құс еті және құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлері (кемінде 70°С);
құстарға арналған жемшөп және жемшөп қоспалары (өсімдік тектес жемшөп қоспаларын, химиялық және микробиологиялық синтезді қоспағанда);
таксидермиялық өңдеуден өтпеген аңшылық олжалар;
құстарды ұстауға және союға арналған қолданылған жабдық.
Естеріңізге сала кетейік, 14 қаңтардан бастап Қазақстанда Бранденбург жерінде аусыл ауруының өршуіне байланысты Германиядан мал әкелуге тыйым салынды.
Шетелге 900 теңгеден сатылып жатқан құс еті өзімізде неге қымбат