Қазақ-өзбек шекарасында модернизацияланған өткізу пункттері ашылды

Автомобильный пункт пропуска Капланбек
"Қапланбек" және "Навои" өткізу пункттерінде бір уақытта жаңғырту мен техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізілген
Sputnik
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы "Қапланбек" және "Навои" автомобиль өткізу пункттері ашылды, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстан және Өзбекстан тарапымен "Қапланбек" және "Навои" өткізу пункттерінде бір уақытта жаңғырту мен техникалық жабдықтау жұмыстары жүргізілген. Бүгін осы өткізу пункттерінің техникалық ашылуы өтті.
Автомобильный пункт пропуска Капланбек
Автомобильный пункт пропуска "Капланбек"
"Іске қосу жұмыстарына байланысты 27 қаңтар мен 5 ақпан аралығында жеке тұлғалардың, жолаушылар көліктері мен автобустардың өтуі шектеулі мөлшерде жүзеге асырылады. 5 ақпаннан бастап өткізу пункті толығымен жұмыс істейді. Одан әрі, екінші кезеңде, тараптар келіскеннен кейін осы өткізу пункттерінде жүк автокөлік құралдарын өткізу жүзеге асырылатын болады", - делінген комитет хабарламасында.
"Қапланбек" өткізу пункті алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттар бойынша салынған, шекарадан өту кезінде мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру кезінде қолданылатын ең озық технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Жеке тұлғалардың шекарадан ыңғайлы өтуі үшін барлық жағдай жасалған.
Автомобильный пункт пропуска Капланбек
Автомобильный пункт пропуска "Капланбек"
"Көлік ағыны қозғалысының барлық циклі автоматтандырылған. Өткізу қабілеті тәулігіне 20 мың жеке тұлғаға және 800 автокөлікке дейін ұлғаяды деп күтілуде", - деп атап өтті комитет.
"Жібек жолы" кеден бекетінің уақытша жабылу күні қосымша хабарланады.