Әлем

Беларусьтегі сайлаудың алдын ала нәтижесі: Лукашенко 86 %-дан астам дауыс жинады

Беларусьте президент сайлауы өтті
Sputnik
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Алдын ала мәліметтер бойынша Лукашенко Беларусьте өткен президент сайлауында 86 пайыздан астам дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды РИА Новости Беларусь Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
"Сайлауға сайлаушылардың 85,70 %-ы қатысты", - деді Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Игорь Карпенко.
Орталық сайлау комиссиясы ақпанның 3-і күні Беларусьтегі президент сайлауының соңғы нәтижелерін жариялауды жоспарлап отыр.
Александр Лукашенко елді 1994 жылдан бері басқарып келеді.
Беларусь ОСК елде президент сайлауы өткен болып танылғанын жариялады