Жеңістің 80 жылдығы

81 жыл бұрын Ленинград қоршауы бұзылды

Қала 872 күн қоршауда болды
Sputnik
АСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. 81 жыл бұрын Ленинград қоршауы бұзылды.
Қала мен оның тұрғындары 1941 жылдың 8 қыркүйегінен 1944 жылдың 27 қаңтарына дейін 872 күн қоршауда болды.
2022 жылдың қазан айында Санкт-Петербург соты блокаданы әскери қылмыс және кеңес халқына қарсы геноцид деп таныды. Ол қоршауды Германияның оккупациялау күштері мен олардың сыбайластары – Бельгия, Италия, Испания, Нидерланды, Норвегия және Финляндияның қарулы жасақтары, сондай-ақ австриялықтар, латыштар, поляктар, француздар мен чехтердан құралған жеке еріктілер жүргізгенін растады.
Сонымен қатар қорқынышты сандар да жарияланды:
қайтыс болғандар саны 1 миллион адамнан асады – бұрын қабылданған статистикадан 1,5 есе көп;
Ленинград пен оның тұрғындарына келтірілген шығын қазіргі бағаммен 35,3 триллион рубльге (360 миллиард доллар) бағаланады.
Бұл күні қалада Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қоршаудан аман қалғандардың барлығын еске алу шаралары өтеді.