АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізетінін айтты, деп хабарлады РИА Новости New York Times басылымына сілтеме жасап.
"Трамп сонымен қатар президент Владимир Путиннің онымен сөйлескісі келетінін және екі көшбасшының "жақында сөйлесетінін" айтты", - деп жазды басылым.
Осы аптада Путин Трамппен екі ел үшін де қызығушылық тудыратын барлық сала бойынша сабырлы түрде сөйлесуге дайын екенін мәлімдеді. Трамп бұған дейін Путинмен "тез арада" кездескісі келетінін және Ресей көшбасшысының да солай жасағысы келетіні туралы "сигналдарды" алып жатқанын айтқан.
Мәскеу келіссөздерге дайын екенін бірнеше рет білдірді, бірақ Киев оларға заңнамалық түрде тыйым салды. 2022 жылдың қазан айында Владимир Зеленский Ресей басшылығымен келіссөздер жүргізуге тыйым салатын жарлыққа қол қойды.