АСТАНА, 26 қаңтар – Sputnik. Президент сайлауы Беларусьтің барлық аймағында және астанада өтті деп танылды, деп хабарлады Беларусьтің Орталық сайлау комиссиясы. Бұл туралы Sputnik Беларусь хабарлады.
Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Гомель облысында сайлаушылардың 62,84 пайызы, Брест облысында 61,34 пайызы дауыс берді. Үшінші орында Могилев облысы – 58,71% тұр, дауыс беру көрсеткіші Гродненск – 54,96%, Витебск – 54,40%, Минск – 54,27%.
Дауыс беру белсенділігі бойынша Минск қаласы соңғы болып отыр, онда сайлаушылардың 51,29%-ы дауыс беруге қатысты.
Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша сайлаушылардың 56,64 пайызы дауыс берді.
"Екі сағаттың ішінде сайлау учаскелеріне 620 мыңнан астам сайлаушы келді", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Александр Башан.
Тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы саны – 6 903 336 адам.
Егер дауыс беруге сайлаушылар тізіміне енгізілген республика азаматтарының жартысынан астамы қатысса, президент сайлауы өтті деп есептеледі. Мемлекет басшысы дауыс беруге қатысқан республика азаматтарының жартысынан астамы оған дауыс берсе, сайланды деп есептеледі.
Беларусьтегі президент сайлауының негізгі дауыс беру күні жексенбіде өтеді, сайлау учаскелері 8:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.