Жетісу облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды

6 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған
Sputnik
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Жетісу облысы Алакөл ауданында "Үшарал-Достық" Теректі учаскесінің тас жолында құтқарушылар 12 адамды құтқарды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, 6 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылардың көмегі қажет болған.
Ауа райына қарамастан, құтқарылғандардың барлығы Достық станциясына вахтовкамен жеткізілді.
Оларға медициналық көмек қажет болмады.