АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. НАТО елдері соңғы үш жылда Украинаны 191,2 миллиард долларға қаржыландырды. Оның жартысынан көбін АҚШ бөлді, деп хабарлайды РИА Новости Украинаның Қаржы министрлігі, Киль университеті мен ашық деректерге негізделген есептеулерге сілтеме жасап.
Осылайша, НАТО-ға мүше 32 ел Украинаға 2022 жылдың ақпанынан осы жылдың қаңтар айының ортасына дейін 191,2 миллиард доллар берді. Оның ішінде бюджеттік әлеуметтік шығындарға жұмсалған қаржылай көмекке – 43,3 миллиард доллар, гуманитарлық көмекке – 13,4 миллиардқа жуық, ал қару-жараққа 133,4 миллиард доллар берілді.
Барлық көмектің шамамен 54%-ы немесе 103,8 миллиард долларды АҚШ берген. Олар Киевке қару-жарақ (68,9 миллиард доллар) мен гуманитарлық көмекті (3,7 миллиард доллар) негізгі жеткізушілер, сондай-ақ Украина бюджетінің негізгі доноры (31,2 миллиард доллар) болды.
Германия Украинаға 17 миллиард доллар бөлді, бұл НАТО елдері берген барлық көмектің 8,9%-ынқұрайды. Ұлыбританияның үлесіне 14,8 млрд доллар немесе 7,7% тиесілі.
Басқа елдердің үлесіне көмектің жалпы көлемінің 5%-дан азы тиеді. Мәселен, ең ірі донорлардың ондығына Канада 8,3 млрд доллар, Дания 7,95 млрд, Нидерланды 7,5 млрд берген. Соңғы үш жылда Швецияның Украинаға бөлген қаражаты – 5,3 млрд, Франция – 4,8 млрд, Польша – 3,9 млрд, Норвегия – 3 млрд доллар.