“Тарифтер көтеріле береді”: вице-премьер тұрғын үй жәрдемақысы кімге берілетінін айтты

Коммуналдық тарифтерді өтеуге арналған көмек тұрғын үй жәрдемақысы ретінде беріледі
Sputnik
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбсары Қанат Бозымбаев коммуналдық тарифтерді төлеу жағынан кімдерге жеңілдік жасалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте вице-премьер алдағы уақытта тарифтердің өсе беретінін тағы бір мәрте еске салды.
“Әрине, әлеуметтік осал топтарға қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жерде көмекке мұқтаж адамдар оңай анықталады. Бүгінде нақты меже бар, бірақ әр аймақта әртүрлі. Егер бір отбасының табысында коммуналдық қызметтерге кететін шығындардың көлемі 5-10 проценттен асып кетсе, жергілікті бюджеттің есебінен көмек беріледі. Оларға республикалық бюджеттен қаржы бөлу керек болып жатса, оған да көмектесеміз”,-деді Бозымбаев.
Оның айтуынша, коммуналдық тарифтерді өтеуге арналған көмек тұрғын үй жәрдемақысы ретінде беріледі.
Астанада қоғамдық көлікке арналған 10 мыңнан астам виртуалды тариф шығарылды