Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Кремль Трамптың Путинмен кездесуі мүмкін деген мәлімдемесіне пікір білдірді

Sputnik
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльдің Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың ықтимал кездесуінің келешегі туралы айтылғандарға алып қосары жоқ екенін айтты.
"Айтылғандарға қосар ештеңе жоқ", - деді Песков журналистерге Трамптың Путинмен дереу кездесуді қалайтыны туралы мәлімдемесіне Кремльдің реакциясы туралы сұраққа.
Бұған дейін Ресей лидерінің көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеу мен Вашингтон арасында Путин мен Трамптың кездесуі үшін ешқандай дайындық жасалып жатпағанын айтқан.
Сонымен бірге, Песков бұған дейін Путиннің халықаралық көшбасшылармен, соның ішінде АҚШ президентімен байланысқа ашық екенін бірнеше рет айтқанын атап өтті.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Зеленскийдің келіссөздерге дайын екеніне сенімді