АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. ЕАЭО Премьер-министрлерінің орынбасарлары 30 қаңтарда Алматыда өтетін Үкіметаралық кеңестің күн тәртібін бекітті.
Олар сондай-ақ қаржылық қолдау алатын екі өндірістік кооперация жобасын мақұлдады.
Соның бірін Kazrost Engineering Ltd компаниясы жүзеге асыруда. Жоба комбайн кабинасын оқшаулау тұрғысынан өндірісті кеңейту үшін құрал-жабдықтарды алуды және Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорынның жобалық қуатын арттыруды көздейді.
Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО техникалық регламенттерінің ғылыми-техникалық деңгейі қалай бағаланатынын да анықтап, дәрілік заттарды тіркеу және сараптау ережелеріне өзгерістер енгізді.