Фото

Түрік шипажайындағы қайғылы оқиға: қонақүйде адамдар тірідей жанып кетті - фото

Түркияның Болу провинциясындағы тау шаңғысы курортындағы өрттің салдарын суреттер топтамасынан көріңіздер
Sputnik
1 / 10

Grand Kartal қонақүйінің ғимаратындағы өрт 21 қаңтарға қараған түні басталған.

Суретте: Өрт сөндірушілер Түркияның солтүстік-батысындағы Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы қонақүйдегі өртті сөндіруде.

2 / 10

Өрт ғимараттың қабаттарына тез тараған.

3 / 10

Қонақтардың көпшілігі байланған төсек жаймалары арқылы төмен түсуге тырысты, кейбіреулері терезеден секірді.

4 / 10

Түрік БАҚ хабарлауынша, 1974 жылы салынған қонақ үйдің ағашпен қапталғаны өрттің тез таралуына ықпал еткен.

5 / 10

Құтқарылған тұрғындардың бірінің айтуынша, ғимаратта түтін детекторлары мен өрт сөндіргіштер болмаған.

6 / 10

Қонақүйге барлығы 237 адам тұрып жатқан.

7 / 10

Соңғы мәліметтер бойынша, түрік қонақүйінде болған жантүршігерлік өртте қаза тапқандар саны 76 адамға жетті.

8 / 10

Елуден астам адам жарақат алды.

9 / 10

Төтенше жағдайды тергеу аясында тоғыз адам ұсталды, оның ішінде қонақүй иесі де бар.

10 / 10

Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған адамдар қаза тапқан өртке байланысты елде ұлттық аза тұту жариялады.

Фото
Биыл бірінші рет ай толған кездегі әлем қалалары - фото