Солтүстік Қазақстандағы өрт: тағы үш адамның мәйіті табылды

Қайтыс болғандар – әкесі мен төрт баласы
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен қаза тапқандар саны 5 адамға жетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайтыс болғандардың барлығы – бір отбасының мүшелері. Олар: әкесі мен төрт баласы.
Өрт түнде шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен отқа оранып, шатыр мен төбесі құлап жанған.
"Оқиға орнында екі ересек пен үш баланың денесі табылды, олардың кім екені анықталып жатыр. Өрт оқшауланды. Қызыл жалын 104 шаршы метр аумақты шарпыған", - дейді ведомство.
Департаменттің психологиялық көмек тобы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.
Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Отбасында балалардың анасы бұрын қайтыс болған. Әкесі төрт баласын өзі баққан.
Бұған дейін 2 адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын.
Солтүстік Қазақстанда өрттен екі адам қайтыс болды