АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Ступинка ауылында жеке үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірушілер келгенде үй толық жанып кеткен. Оқиға орнынан екі адамның мәйіті табылды. Отбасының қалған мүшелерін іздеу жалғасуда.
"Дереу келген құтқарушылар өртті оқшаулады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен және құралдарымен және өрт сөндіру бекетімен жою жалғасуда. Өрт болған жердің ауданы – 104 шаршы метр, себебі анықталып жатыр", - дейді ведомство.