АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Қарағанды облысында Екатеринбург–Алматы автожолында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Қазавтожол.
Оқиға 23 қаңтарда болған.
"Сағат 12:30-да осы учаскеде 1630 км-де 19 жеңіл автокөлік соқтығысып, жаппай апат болды. Оқиға орнынада ТЖМ және жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлайды ведомство.
Сағат 10:30-дан бастап Екатеринбург – Алматы (Қарағанды-Балқаш, 1492-1855 км) автожолын қайта жаңарту учаскесінде Балқаштан Қарағандыға қарай қозғалыс ашылды. Шешім ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты қабылданды. Қарағанды облысы Әкімшілік полиция басқармасы мен Қазавтожол қызметкерлері көліктерді ілесіп алып жүрді.
Ал жол апатының алдын ала себебі – жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты сақтамау.