Қарағанды облысында сатушыны пышақтап кетті: күдікті ұсталды

50 жастағы күдікті қамауға алынды
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Қарағанды облысы Саран қаласында сатушыны өлтіріп кетті деген күдікпен бір адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Саран қаласының 27 жастағы тұрғының өліміне қатысты бар деген күдікті ұсталды", - деп жазды ведомство.
50 жастағы күдікті қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Еске салайық, 23 қаңтарда дүкен сатушысына шабуыл жасаған ер адамның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.
Қарағанды облысында дүкенге түскен ұры сатушыны пышақтап кетті