Қарағанды облысында дүкенге түскен ұры сатушыны пышақтап кетті

27 жастағы әйел көз жұмды
Sputnik
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Қарағанды облысы Саран қаласындағы дүкендердің біріне түскен ұры сатушыны пышақтап кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Желіде сұмдық оқиғаның видеосы тарады
Видеода ер адамның сатушыға шабуыл жасағанын байқауға болады. Ер адам әйелдің кеудесіне пышақ сілтейді.
Бұл фактіні тілшімізге Қарағанды облысы полиция департаменті растады.
"Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағдар берілді", - делінген хабарламада.
Павлодарда колледж студенті мұғалімін пышақтап кетті