ЕАЭО интеллектуалды көлік жүйелерін өзара әрекеттестірудің бірыңғай тәсілдерін бекітті

ЕАЭО-да тасымалдаушы ауа райы жағдайлары, ықтимал кептелістер мен жол-көлік оқиғалары туралы стандартталған ақпарат беретін бірыңғай ақпараттық кеңістік құрылуда
Sputnik
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің интеллектуалды көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын жетілдіру тұжырымдамасын мақұлдады. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметі хабарлады.
"Тұжырымдаманы іске асыру тасымалдаушыға ауа райы жағдайлары, ықтимал кептелістер мен жол-көлік оқиғалары туралы стандартталған ақпаратты алатын бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Тұжырымдама Одақ шеңберінде мүше мемлекеттердің интеллектуалды көлік жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған тәсілдерді айқындайды. Бұл интеллектуалды көлік жүйелері технологияларын жол-көлік инфрақұрылымына белсенді енгізуге ықпал етеді, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларды, оның ішінде Еуразиялық көлік дәліздерінде интеллектуалды көлік жүйелері операторларының жауапкершілігін тапсыру аймақтарында ақпараттық қолдау көрсетуде олардың жұмыс тиімділігін арттырады.
"Көлік ағындарындағы өзгерістер қарқынды болып тұрған қазіргі жағдайда ұлттық көлік кешендерінің жұмыс істеу сапасын арттыру және инфрақұрылымға жүктерді ұтымды бөлу мәселелерінде дәл осы интеллектуалды жүйелер басты рөлге ие", - деді Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.
Бұл идеяны жүзеге асыру үшін нақты қадамдарды әзірлеуге қанша уақыт қажет екені әзірге белгісіз.