Ақтөбелік құтқарушылар жолда қалған 82 шетелдікті эвакуациялады

Оның ішінде 3 бала бар
Sputnik
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Ақтөбелік құтқарушылар 82 шетел азаматтарын эвакуациялады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолында Шымкент қаласынан Ресейге бара жатқан автобустан ақау шыққан. Салдарынан автобус жолда қалып, жүргізуші құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Құтқарушылар 82 жолаушыны эвакуацияларды. Олар Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей азаматтары.
Эвакуацияланғандардың ішінде 3 бала бар.
Жолаушылар Құрылыс ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.
Құтқарылған шетелдіктер қазақстандық құтқарушыларға алғыс білдірді.