Алматыда ақша бопсалаған блогерлер ұсталды

Олар 8 миллион теңге бопсалаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Алматыда полиция кәсіпкер мен екі блогерлі ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға қысым көргенін айтып, жәбірленуші арызданған.
"Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған", - дейді полиция.
Қаскөйлер жәбірленушіден 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.