АСТАНА, 23 қаңтар - Sputnik. Қаңтар айының ортасында University Medical Center клиникаларында үш ірі ота жасалды, деп хабарлайды "University Medical Center" корпоративтік қорының баспасөз қызметі.
Донор Алматы облысынан келген 45 жастағы ер адам болды. Оның туыстары ағзалардың донорлығына келісім беріп, төрт адамға өмір сүруге мүмкіндік сыйлады.
UMC клиникаларының қабырғаларында екі операция жасалды: жүрек орталығында өкпе трансплантациясы жасалды, ал ана мен бала орталығында 17 жастағы жасөспірімге бүйрек трансплантациясы жасалды.
"Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында UMC Жүрек Орталығының командасы бұрын LVAD механикалық қан айналымын қолдау құрылғысы имплантацияланған 43 жастағы пациентке донорлық жүрек трансплантациясын жасады. Бұл Алматыда жасалған екінші жүрек трансплантациясы болды", - делінгенхабарламада.
Донорлық органдарды трансплантациялау – ең күрделі операциялардың бірі. Жүрек пен өкпе трансплантациясы қайтыс болғаннан кейінгі донордан, мидың өлімі расталған кезде ғана жүзеге асырылады. Алайда одан әрі процесс көбінесе әлеуетті донордың жақын туыстарының шешіміне байланысты.