АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлады Ақорда.
"Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады", - делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар премьер-министр Олжас Бектенов, ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.
Бұған дейін президент "Ana tili" газетіне берген сұхбатында жуық арада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді деп айтқан еді.
" Сол кезде жылды қорытындылап, қазіргі мәселелерді талқылап, жаңа жоспарлар жасаймыз. Қазақстанға экономиканың 4 пайыздық өсімі аздық ететіні анық", - деді Тоқаев өз сұхбатында.