АСТАНА, 22 қаңтар - Sputnik. Ресей мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлері Оксана Лут пен Айдарбек Сапаров аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласында ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.
Қазіргі уақытта Қазақстан ауыл шаруашылығы министрі мәскеулік әріптестермен кездесуде. Бұл шарада былтырғы жылдың деректерімен бөлісіп, биылға арналған жоспарлар белгіленді. Соңғы жылдары екі ел арасындағы АӨК өнімінің тауар айналымы 3,4 миллиард доллардан асты. Былтыр 11 айда АӨК өнімінің Ресеймен тауар айналымының 4,3%-ке артқан.
"Ресей Федерациясына қазақстандық өнім экспортының көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша экспорт 502,9 млн АҚШ доллар болды. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерінің Ресей нарығында арттыруға мүдделіміз және барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейтуге дайынбыз", — деді Сапаров.
Бұған дейін жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша қазақстандық тарап барлық шектеулерді алып тастады. Биыл қаңтарда Россельхознадзор Қазақстанның 36 кәсіпорнынан қызанақ әкелуге уақытша шектеулерді алып тастады. Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін әкелуге және транзитке бірқатар шектеулерді алып тастау туралы келіссөздер жалғасуда. Кездесу қорытындысы бойынша АӨК саласындағы Ресей - Қазақстан ынтымақтастығын дамыту туралы іс-шаралар жоспарына қол қойылды.
Құжат агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуде өзара іс-қимылды көздейді. Ресейдің бірқатар салалық ғылыми-зерттеу институттары мен университеттері қазақ әріптестерімен кооперацияны дамытуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ жоспарда агробиотехникалық паркті құру және дамыту жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру да бар.
Сонымен қатар азық-түлікті өзара жеткізу үшін қолайлы режим қалыптастыру, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялауды аяқтауды және басқа да іс-шаралар қарастырылған.