Жеңістің 80 жылдығы

Қарағанды облысында соғыс ардагері 101 жасқа толды

Кейуананы туған күнімен жергілікті билік өкілдері құттықтады
Sputnik
АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері Анна Котова 101 жасқа толды. Кейуананы туған күнімен жергілікті билік өкілдері құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Анна Котова егде жаста болғанына қарамастан бір орында отырмауға тырысады. Ол өзінің жастық шағындағы жауынгерлік өмірін жиі еске алады.
Анна Котова из Осакаровки, ушедшая в 1941 году на фронт добровольцем, отметила 101 день рождения
Анна Котова Воронеж облысында дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол майданға өз еркімен аттануға өтініш жасаған. Бірақ әскери комиссар бірнеше рет қатарынан жас қызды әскерге шақырудан бас тартқан екен.
Бірақ Аннаның табандылығы мен өжеттілігі басым түскен. 1943 жылы оны 2-ші Украина майданының 065-ші эвакуациялық госпиталіне медбике етіп жіберген. Ол жерде бойжеткен соғыс әрекеттері аяқталғаннан кейін де жараланғандардың өмірін құтқаруға көмектескен. Бойжеткен 1946 жылдың маусым айында, әскери бөлімі Венгрияда орналасқан кезде ғана үйіне қайтқан.
1943 жылдың 13 мамырынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін 2-ші Украина майданының құрамында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан. Анна Котованың есінде Курск шайқасы ерекше қалған.
Анна Котова II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін", "Украинаны фашистік басқыншылардан азат етуге 60 жыл" медальдарымен, "Санитарлық қызметтің үздігі" әскери белгісімен және басқа да мерейтойлық ордендер және медальдармен марапатталған.
Демобилизациядан кейін және демалысқа шыққанға дейін Анна Котова Осакаров ауданының денсаулық сақтау мекемелерінде жұмыс істеді.
Жеңістің 80 жылдығы
Абай облысында әскерилер Ұлы Отан соғысының ардагерін 99 жасқа толуымен құттықтады