АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Еуропалық Одақ Украинаға бұдан да көп қару-жарақ жеткізуі керек. Бұл туралы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда еурокомиссары Валдис Домбровскис айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Әскери жеткізілімге келетін болсақ, біз Украина үшін көп нәрсе істеуіміз керек. Бұл, әсіресе, қазір өте маңызды. Біз көбірек қару-жарақ жеткізуіміз керек. Сондай-ақ бізге Украина үшін өте нақты қауіпсіздік кепілдігі қажет, ең жақсы кепілдік – НАТО-ға мүше болу. Бұл Еурокомиссияның ісі емес, бірақ жеке мен осыны қолдаймын”, - деді ол.
Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу қақтығысты реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады және оларды "отпен ойнап жатыр" деп санайды. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын мәлімдеді.