Жаңа ақылы жолға қалай төлем жасауға болады

"Қызылорда-Арал" жолы ақылы болады
Sputnik
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. 26 қаңтардан бастап "Қызылорда-Арал" жолы ақылы болады, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Қазіргі кезде осы учаскеде 6 бақылау арка және клиенттермен жұмыс істейтін орталық орнатылды. Аркаларда орнатылған камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысын, олардың жылдамдығы мен қарқындылығын, жолдағы жағдайды және тағы басқа мәліметтерді тіркейді.
Автожолда төлем бекеттері болмайды. Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Бүгінде төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар. Олар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау.
Бір бағыттағы (454 шақырым) төлем мөлшері:
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 2840 теңге, кейінгі төлем – 3330 теңге;
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 5750 теңге, кейінгі төлем – 6740 теңге;
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін автопоездар үшін алдын-ала төлем – 8570 теңге, кейінгі төлем – 10 100 теңге;
жүк көтергіштігі 10 таннандан жоғары және 15 тоннаға дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 11 470 теңге, кейінгі төлем – 13 470 теңге;
жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын-ала төлем – 14 290 теңге, кейінгі төлем – 16 830 теңге.
Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан, сондықтан төлемақыны уақтылы жасаған дұрыс.
Айта кету керек, жеңіл көлік иелері Қызылорда-Арал жолын тегін пайдаланады. Жергілікті тұрғындар үшін бір айлық және бір жылдық абонементтер қарастырылған.
Бұған дейін көлік министрі тағы бір республикалық маңызы бар жолда ақылы жүйені енгізу туралы бұйрыққа қол қойғаны хабарланған болатын.
Министр тағы бір ақылы жолды іске қосуға рұқсат берді